Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Трамп Қытайға баж салығын 104%-ға көтерді: сауда соғысы қайта жанданды

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісі жаңа белеске көтерілді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитттің мәлімдеуінше, президент Дональд Трамп Қытайға салынған баж салығын 104%-ға көтеру туралы шешім қабылдады. Жаңа тарифтер бүгіннен бастап күшіне енеді.Бұл туралы Infohub.kz хабарлайды.

Бұған дейін Трамп Қытайдан қарымта тарифтерден бас тартуды талап еткен болатын. Алайда Бейжің АҚШ-пен соңына дейін күресуге дайын екенін ашық жеткізді. Ақ үй өкілі мұны Қытай тарапынан "үлкен қателік" деп бағалады.

> «Президент Америкаға шабуыл жасалғанда, жауына екі есе соққы береді. Қытай келісімге келудің орнына жауап қайтаруды таңдады. Бұл – стратегиялық қате», – деді Ливитт.

 

Әлемдік экономиканың екі алыбы арасындағы бұл текетірес енді ашық сауда соғысына айналғандай.

Өткен аптада Трамп тек Қытаймен ғана емес, әлемнің басқа елдеріне де қарымта салық енгізген болатын. Ақ үйдің мәліметінше, 70-ке жуық мемлекет келіссөздер жүргізуге өтініш білдірген. Ал Еуроодақ Трамптың бұл әрекетіне жауап ретінде қарсы шабуыл амалдарын қарастырып жатыр.

Сонымен бірге, Трамп Еуропаға жеңілдіктер жасау үшін АҚШ-тан 350 млрд доллар көлемінде энергетикалық шикізат сатып алуды ұсынды. Оның пікірінше, бұл сауда тапшылығын азайтып, салықтық жүктемені төмендетуге көмектеседі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама