Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Палестинаны мойындауға бет бұрған Батыс: 15 елдің ортақ мәлімдемесі

Нью-Йорк, БҰҰ — Палестина-Израиль қақтығысына қатысты жаңа кезеңнің шымылдығы түрілді. Нью-Йоркте өткен халықаралық конференцияда Батыстың 15 елі Палестина мемлекетін ресми түрде мойындауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл – соңғы онжылдықтардағы ең салмақты дипломатиялық қадамдардың бірі.

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барроның сөзінше, құжатқа қол қойған мемлекеттер қатарында: Финляндия, Испания, Ирландия, Словения, Португалия, Люксембург, Исландия, Норвегия, Аустралия және Канада бар. Олар Израиль мен Палестина арасындағы ұзаққа созылған дағдарысты тек әскери емес, саяси жолмен шешуге шақырып отыр.

Мәлімдемеде 2023 жылдың 7 қазанында орын алған ХАМАС шабуылы қатаң айыпталды. Қол қойған елдер бейбіт тұрғындардың кепілге алынуын – адам құқықтарын өрескел бұзу деп танып, олардың тез арада босатылуын талап етті. Сондай-ақ, Газа секторындағы гуманитарлық апаттың ушығып бара жатқанына назар аударылып, әскери әрекеттерді тоқтатуға үндеді.

Батыс елдерінің бұл бастамасы жай ғана саяси мәлімдеме емес – олар нақты талаптар қойып отыр. Атап айтқанда:
– Газа секторын қарусыздандыру,
– ХАМАС-ты басқарудан шеттету,
– Палестина әкімшілігіне еркін сайлау өткізу мен болашақ мемлекеттің бейбіт даму жолына көшу туралы жауапкершілік жүктеу.

Бұл мәлімдеме халықаралық қауымдастықтың Палестина мәселесіне қатысты көзқарасы өзгеріп келе жатқанын аңғартады. Алайда бұл қадам Израильмен қарым-қатынасқа қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама