Патша үкіметінің ХІХ ғ. екінші жартысындағы отарлық саясаты.
Сабақтың тақырыбы: Патша үкіметінің ХІХ ғ. екінші жартысындағы отарлық саясаты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы, Қазақстандағы патша әкімшілігінің отарлау саясатының күшеюі, Қазақстан аумағындағы (Жайықтық, Сібірлік, Орынборлық және Жетісулық) казак әскерлері, Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызына тоқталу.
Дамытушылық: Білімгерлердің өткен сабақ тақырыптарымен байланыс жасай отырып, қорытындылау, өзіндік пікірін білдіру, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Білімгерлерді патриоттық рухқа, еңбексүйгіштікке, сабақ барысында нақтылыққа, ізденімпаздыққа, жолдастық көмекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі - баяндау
Сабақтың көрнекілігі: тест, проектор, компьютер, тақта, бор, слайд, үлестірмелі парақшалар, бейнеролик, сөзжұмбақ, оқулық, карта.
Пән аралық байланыс: география, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану.
Сабақтың өту барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин
2. Үй тапсырмасын тексеру - 30 мин
а) Бейнеролик - 3 мин
3. Жаңа сабақты түсіндіру – 25 мин
а) Бейнеролик – 2 мин
4. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру: – 7 мин (тест)
5. Сабақты бекіту (сөзжұмбақ): - 5 мин
6. Рефлексия – 7 мин
7. Үйге тапсырма беру – 2 мин
8. Сергіту сәт -- 3 мин
9. Білімді бағалау – 3 мин
Үй тапсырмасы: (30 мин)
а) Білімгерлерден үйге берілген тапсырманы ауызша сұрау (15мин)
ә) 15 минут уақыт беріледі: Жылдамдыққа арналған сұрақтар:
1. Ішкі Орда ханы Жәңгір ханның ұйымдастыруымен ашылған мектепте сабақ қандай тілде жүрді? Орыс және татар тілінде
2. «Бекей мен Мәулен» повесін жазып, Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын зерттеген кім? В. И. Даль
3. А. С. Пушкин Оралда қандай поэмамен танысты? “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”
4. 1837 жылы қандай оқу орны ашылды? Сібір кадет корпусы
5. Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлаумен айналысатын Орынбор қаласындағы әскери училище ашылған жыл? 1825 жыл
6. В. И. Даль қай жылдары Орынбор әскери губернаторының жанында арнайы тапсырмаларды орындайтын шенеунік қызметін атқарған? 1833 - 1841 жж.
7. 1813ж. қандай қалада әскери училище ашылды? Омбы
8. Қазақ жерін топографиялық зерттеумен айналысқан орыс саяхатшылары? П. Ковалевский, Н. А. Северцев, П. И. Небольсин
9. Бөкей Ордасындағы Жәңгір ханның мектебі қай жылы ашылды? 1841 жыл
10. Қай жылдары Г. С. Карелин Каспий теңізін зерттеумен шұғылданды? 1848 - 1849 жж
11. 1831ж. 18 - қыркүйекте қай қалада әскери училище ашылды? Семей қаласы
12. В. И. Даль қай жылдары және қандай көтерілісті басқарған батырларға жанашырлық білдірді? Исатай мен Махамбет
Үй тапсырмасын бекіту: Бейнеролик – 3 мин
Жаңа сабақты түсіндіру: (25 мин)
1747 жылы 10 сәуірде қол қойған Шетел ісі жөніндегі коллегияның №220 - шы «Қырғыздар (қазақтар) тарапынан туатын қарсылыққа орай жоспар жасау» туралы құпия жарлығында: «Қырғыздармен күресті өзіміздің әскерге емес, көрші тұратын қалмақ, башқұрт, казак және Сібір губерниясының тұрғындарына тапсырып, қазақтарды өлтіруіне көз жұмып қарау керек» депті.
Сондай - ақ, 1768 жылы 17 ақпанда қабылданған №80 жоғары жарғыда: «Қазақ халқының бостандығын жою үшін, хан сайлауын халық емес біз өзіміз шешетін болуымыз керек» деп бекіткен. 1779 жылы 4 қазан күні қатын патша ІІ Екатеринаға сарай қызметкерлері жазған жоғары дәрежелі баяндау хатта: «Абылай сұлтанды Петропавловск қорғанысына шақырып, ақ патшаның құзырына бағынуға бас идіру керек, соңғы кездері шақыруға, грамоталарымызға және марапаттарға әр түрлі сылтау айтып келмей жүр және жіберген елшілермен дөрекі қатынасады, оларды қабылдамайды. Барлау мәліметтеріне қарағанда Абылай сұлтан қытаймен жақын қарым қатынаста болғандығы анықталды. Өз адамдарына орыс көпестерін тонауға рұқсат беріп отыр. Патшалықтың құзырына кірмеу арқылы ол орыстарға қарсы әрекет жасап, қазақ халқының азаттығын қорғап қалмақшы. Сондықтанда Абылайға грамоталар, хандық марапаттар және де тағы басқа сияпаттарды бермеу керек. Бұдан былай Абылайдың ордадағы дәрежесін төмендетіп, оған тең боларлықтай қарсылас табу керек. Қазақ ордасындағы осы жағдайлар түзелгенше орыстарға ордаға баруға тиым салынсын!» делінген.
1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері Уәлидің беделін әлсірету үшін патша үкіметі бір қатар сұлтандарға қолдау көрсете бастайды. 1815 жылы Уәлиге қарсы патша жансыздары бүлік ұйымдастырып, орнына Барақтың ұрпағы Бөкейді хандыққа сайлайды.
Кешікпей сарай шенеунігі М. Сперанский мырза «Устав о сибирских киргизах» дегенді ойлап табады. Бұл шешімге 1822 жылы 22 шілдеде патша қол қойған. Осыдан кейін қазақ даласында хандық билік жойылады. Патшаның ығына жығылатын аға сұлтандар пайда болады. Жоғарыдағы шешім бойынша орта жүзді Батыс Сібір аймағының бір бөлігі ретінде таниды. 1839 жылға дейін Батыс Сібір аймағының астанасы Тобыл қаласы болады. 1839 жылдан кейін Омбы қаласы болып өзгерді.
Жоғардағы «Сібір қырғыздары туралы» қаулының негізінде 1822 бастап жылдан 1839 жылға дейін қазақ даласын басқаруды 7 округке бөліп тастады. Соның ішінде Ақмола округі 1832 жылы құрылады. 50 - 70 қожалық (отбасы) бірігіп 1 ауыл болды. 10 - 12 ауыл бір болыс. 15 - 20 болыс бір округке біріктірілді. Округ басшылығына сұлтан отырды. Сұлтанның қол астында 4 кеңесшісі болды. Олардың екеуі орыс, екеуі қазақтан делінді. Оларды 2 жыл мерзімге губернатор тағайындады. Сұлтан болса 3 жыл мерзімге сайланды.
1824 жылы Абылай сұлтанның баласы Қасым бастаған бір топ ел басшылары патша үкіметінің жоғардағы қаулысына қарсы шығады. Олар патша үкіметіне жіберген хатыңда: «Сұлтандарға Абылай кезіндегідей еркендік беріліп, емін - еркін тұруымызға мүмкіндік жасалсын» депті. Патша бұны құптамағандықтан Қасым сұлтан қол бастап Абылайдың ордасы орналасқан Бурабай, Шортанды (Щучье) қалаларын басып алады. Сол жерден Ақмола округына шабуылдар ұйымдастыруды жоспарлайды. 1836 жылы оңтүстік өңірге ығысып барған Саржан, Есенгелді, Қасым сұлтандарды патшаның тапсырмасымен Тәшкент төресі өлтірді.
Қазақтардың бас көтеруінен қорыққан патша үкіметі қазақ даласына бекініс санын көбейте бастады. Ақмоладан оңтүстікке қарай Ақтау бекінісі салынады. Бекіністер арасына 20 - 30 шақырым қашықтықта шағын бекеттер орын тепті. Кешікпей Ақмола маңына орыстарды көшіріліп әкелу науқаны жедел жүргізілді. Ресей өзінің отарлау күшін Ақмола маңына топтастырды.
Патша үкіметінің ХІХ ғ. екінші жартысындағы отарлық саясаты. жүктеу