
- 28 мам. 2025 11:30
- 35
ПРЕЗИДЕНТ CITIC GROUP БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ: СЕРІКТЕСТІККЕ ЖАҢА СЕРПІН БЕРІЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады. Кездесуде энергетика, мұнай-химия, автожол құрылысы, минералды сектор, ауыл шаруашылығы және өзге де стратегиялық бағыттардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі талқыланды.
Президент Ақтау битум зауытын жаңғырту жобасын мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін CITIC Group-қа ризашылығын білдіріп, бұл компанияны Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі ретінде жоғары бағалады. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы іскерлік байланысты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті.
Өз кезегінде Си Гохуа қытайлық корпорацияның Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, мұнай құбырларын салу, Орталық – Батыс автожолын жөндеу және астықты терең өңдеу сияқты бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.
Бұл кездесу екіжақты экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеріп, бірлескен жобалардың аясын кеңейтуге жол ашады.