
- 28 мам. 2025 11:31
- 116
Александр Шевченко мен Александр Бублик Ролан Гарросты жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисшілер Александр Шевченко мен Александр Бублик Францияда өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің бірінші айналымында сәтті өнер көрсетті.
Александр Шевченко сербиялық тәжірибелі теннисші Душан Лайовичті 6:2, 6:4, 7:6 есебімен айқын ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.
Ал Александр Бублик аустралиялық Джеймс Даквортпен кездесіп, 6:2, 6:4, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осылайша, қос спортшы да "Үлкен дулыға" санатындағы беделді турнирді жеңіспен бастап, екінші айналымға шықты.