
- 04 шіл. 2025 21:03
- 30
Президент Ұлттық домбыра күнімен құттықтады: «Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы»
Президент Ұлттық домбыра күнімен құттықтады: «Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы»
Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, ұлттық аспаптың маңызын атап өтті.
«Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра. Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс», – деп жазды Президент өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Мемлекет басшысы ұлттық мұраны сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан жастары бұл құндылықты жақсы түсініп, қолдап отыр.
Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл күн – қазақтың дәстүрлі музыка өнерін, ұлттық аспапты және оның тәрбиелік маңызын ұлықтайтын маңызды датаға айналған.
-
Қазақстанда жүргізушілерден жиналатын ақылы жол ақшасы нақты қайда жұмсалады? Жол сапасы мен жағдайына сын көп айтылып жатқан тұста бұл сұрақ көпшілікті мазалайтыны анық. Осы мәселеге нүкте қою үші...
-
Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы күрт көбейді: 5 айда 900-ден аса іс тіркелді