
- 02 мау. 2025 18:26
- 50
Прокурор куәгер әйелдердің әрекетін күмәнді деп тауып,қайта тергелуін сұралы
Қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай куәгер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіні қайта тергеуді ұсынды. Оның айтуынша, сотта жауап берген екі әйел бейнежазбада өздерін еркін, тіпті дөрекі ұстап, еш алаңсыз жүргені байқалады.
— Олар оқиғадан кейін «шок» күйінде болмаған, керісінше, бейнематериалдар олардың қасақана үнсіздік танытқанын көрсетеді. Сол себепті жеке қаулы шығаруды ұсынамыз, — деді прокурор.
Сондай-ақ, Дана Сәрсенбай куәгер ретінде жауап берген Арлан Қазыкенов пен Юлдаш Розыбакиевке қатысты да процессуалдық шаралар қабылдау қажет екенін мәлімдеді.