
- 02 мау. 2025 18:19
- 51
Алматыда үйді бұзу кезінде болған жарылыстан бір адам қаза тапты
Алматы қаласының «Шапағат» ықшамауданында орналасқан үйді бұзу барысында газ қоспасының жарылуынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Оқиға 2 маусым күні сағат 13:55 шамасында Биянху көшесінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, 1980 жылы салынған ғимаратты сүру кезінде газ қоспасы жарылып, құрылыс нысаны толықтай қираған.
Құтқарушылар үйінді астынан 1949 жылы туған ер адамның мәйітін тапты. Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр.