Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақстан еңбекшілдерінің 3-жалпы жиылысына

Қазақстан республикасының 2-жалпы жиылысының болып өткеніне жыл толды. Бұл өткен жылдың ішінде Қазақстанның әр аймағында, әр ауданында тарих жүзінде сирек болатын ауыр халдерді көріп, қазақ еңбекшілдерінің уәкілдері қазір 3-ші рет бастарын қосып отыр.

Ол ауыр халдер дегеніміз мыналар еді: талай жерлерде малды, жанды апат қылған ашаршылық, талай малды науат қылған, талай жанды қара жердің қойнына кіргізген түрлі індет, жалаңаштық. Әм бұларға қосылып еңбекшіл үкіметін құрту ниетінде әрекет қылған дұшпандар (бандалар).

2-жалпы жиылысында Қазақстан еңбекшілері өзінің сайлап кеткен Орталық атқару орындау комитетіне тапсырған түрлі жұмыстары бар еді. Қазір, әрине, ол тапсырған жұмыстарды Қазақстан еңбекшілдерінің Орталық атқару орындау комитеті түгелімен орындады, түгелімен істеді деуге болмайды.

Еңбекшіл халықтың ол тапсырған жұмыстарын түгелімен орындауға зор бөгет болған — жаңағы жоғарыдағы айтқан алапатты ашаршылық, жалаңаштық түрлі індет, ішкі қара ойлы дұшпандар. Бұл зор қиындықты, бұл дұшпандарды Қазақстан еңбекшілдерінің Кеңес үкіметі жеңді.

Мұны еске алғанда 2-жалпы жиылыста еңбекшіл халықтың тапсырған жұмыстарын түгелімен орындай алмады деп Орталық атқару орындау комитетке артық кінә қоюға болмайды. Артық кінә қоюға болмауына, әрине, басқа да талай себептер бар шығар.

Ауыр хал ден енді Қазақстан қазір шықты.

Енді бұдан былай түрлі апаттан, түрлі пәледен аман болса өткен жылғы ашаршылықпен, жалаңаштықпен, індетпен, ішкі жаулармен күресудің орнына, барлық күш-қуатты осыларды жеңуге жұмсаудың орнына, Қазақстан үкіметі күйзелген шаруашылықты түзеуге, надандықты құртуға, еңбекшіл халықтың тұрмысын жөндеуге, жер пайдалануды тәртіпке қоюға, әм басқа істерді жөндеуге кірісер.

Қазақстан еңбек шілдерінің 3-жалпы жиылысы өткен істі еске алып, келешекке көз жіберіп, алдағы сайлайтын Орталық атқару орындау комитетіне осыларды анықтап, қатты тапсырулары керек. Еңбекшіл халықтың ғана мұң-мұқтаждарын табатын кісілерді Орталық атқару орындау комитетіне сайлаулары керек.

1922 жыл


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама