Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Қазақстан мен ОПЕК+ мұнай өндірісін ұлғайтпақ – нарықты тұрақтандыру жоспары жалғасады

Қазақстан мен ОПЕК+ мұнай өндірісін ұлғайтпақ – нарықты тұрақтандыру жоспары жалғасады

Қазақстан ОПЕК+ ұйымына мүше жеті елмен бірге мұнай өндірісін кезең-кезеңімен арттыру туралы ортақ келісімге келді. Қыркүйек айынан бастап аталған мемлекеттер тәуліктік өндірісті 547 мың баррельге көбейтеді. Бұл шешім – 2023 жылы қабылданған өндірісті шектеу туралы келісімнен біртіндеп бас тарту жоспарының жалғасы. Бұған дейінгі шектеу бойынша, өндіріс көлемі тәулігіне 2,2 миллион баррельге қысқартылған болатын.

ОПЕК+ коалициясы мұндай қадам әлемдік нарықты реттеуге, ұсыныс пен сұраныс арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ұйым жағдайға байланысты жоспарланған өндіріс өсімін тоқтату немесе уақытша шектеу енгізу құқығын сақтап қалатынын атап өтті.

Келесі онлайн форматтағы отырыс 7 қыркүйекте өтеді. Онда нарықтағы қазіргі ахуалға баға беріліп, қажет болған жағдайда жаңа шешімдер қабылдануы мүмкін.

Бұл шешім Қазақстан экономикасы үшін де маңызды. Өндірістің артуы бюджет кірісін көбейтуге және энергетикалық сектордағы белсенділікті жандандыруға ықпал етеді. Алайда сарапшылар мұнай бағасының құбылмалылығын ескере отырып, аталған өзгерістерге сақтықпен қарау қажеттігін ескертуде.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама