
- 06 мам. 2025 10:35
- 31
Қазақстан мен Вьетнам стратегиялық әріптестікті тереңдетуге бет алды
2025 жылғы 5 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды ресми түрде қарсы алды. Бұл – Вьетнам басшылығы тарапынан Қазақстанға жасалып отырған жоғары деңгейдегі мемлекеттік сапарлардың бірі. Сапар қос ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруді көздейді.
Кездесу барысында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіліп, өзара стратегиялық әріптестікті нығайту, сауда айналымын арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру сынды мәселелер күн тәртібіне қойылды. Сондай-ақ бірқатар маңызды үкіметаралық және ведомстволық құжаттарға қол қойылатыны мәлім болды.
Бұл сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында өтіп отыр және ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға тың серпін береді.