
- 21 сәу. 2025 08:28
- 25
Қытайда әлемдегі алғашқы 10G интернет желісі іске қосылды
Цифрлық технология саласында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Huawei мен China Unicom компаниялары Қытайдың Хэбэй провинциясындағы Сионьань қаласында әлемдегі алғашқы 10G кең жолақты интернет желісін іске қосты.
Тестілеу нәтижелері бойынша, интернеттің нақты жүктеп алу жылдамдығы 9834 Мбит/с, ал жіберу жылдамдығы 1008 Мбит/с болған. Бұл — цифрлық инфрақұрылымды дамытудағы жаңа дәуірдің бастауы деуге болады.
Жаңа буындағы бұл технология тұрмыстық қолданушылардан бөлек, ірі өндіріс ошақтары мен жоғары технологиялық мекемелер үшін де аса тиімді болмақ. Сарапшылардың пікірінше, 10G желісі жасанды интеллект, «ақылды» қалалар мен кең көлемді деректермен жұмыс істейтін салаларға тың серпін береді.