
- 03 шіл. 2025 01:14
- 28
Қазақстанда ауа райы құбылады: оңтүстікте – аптап, солтүстікте – нөсер мен бұршақ
4–5 шілде күндері еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн күрт ысиды, деп хабарлайды «Қазгидромет». Кей жерлерде термометр бағаны +47°C-қа дейін жетуі мүмкін.
Синоптиктердің мәліметінше, бұл аймақтарда жауын-шашынсыз, шаңды дауылмен қатар, екпінді жел де күтіледі.
Ал елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында керісінше – нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Мұндай құбылыстар циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен болмақ.
Көптеген өңірлерде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады: күндіз +35°C, ал оңтүстікте одан да ыстық.
Ауа райына байланысты төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік ережелерін ескеруді еске салады.