
- 27 мау. 2025 14:43
- 27
Қазақстанда барлық жолаушылар пойыздарына бейнебақылау жүйесі орнатылады
Қазақстанда барлық жолаушылар пойыздарына бейнебақылау жүйесі орнатылады,- деп хабарлайды Infohub.kz.
Жыл соңына дейін ел аумағындағы барлық жолаушылар пойыздары бейнекамералармен толық жабдықталмақ. Жоба құқықбұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар, жолаушылар ұмытып кеткен заттарды анықтауға, төтенше жағдайларды, бұзақылықты және түтін шығу деректерін тіркеуге мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, заманауи камералар бет-әлпетті тану технологиясымен жабдықталған. Бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға септігін тигізеді.
Бүгінде 4000-нан астам бейнекамера орнатылып үлгерген. Жалпы, 112 бағыттағы пойыздарға бақылау жүйесін енгізу көзделіп отыр. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, жылдың соңына дейін толық аяқталмақ.