Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Қазақстанда жеке тауар өткізу ережелері қатаңдайды

Қазақстанда жеке пайдалануға арналған тауарларды шекарадан өткізу тәртібі өзгереді. Енді бірқатар тауар түрлеріне шектеулер енгізіліп, оларды тек жылына бір рет қана алып өтуге рұқсат беріледі.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, егер азамат бекітілген нормадан асып кетсе, бұл заттар кәсіпкерлік мақсатта әкелінген тауар ретінде есептеледі. Мұндай жағдайда оларды кеденде декларациялау, әрі салық төлеу міндетті болады.

Жаңа шектеулерге сәйкес, жеке тұтынуға жататын тауарлар көлемі мынадай:

  • Тері бұйымдары (соның ішінде бас киімдер) — бір адамға бір фасон, өлшем мен атауда тек 1 дана;
  • Ұялы телефон2 данаға дейін;
  • Планшет2 данаға дейін;
  • Ноутбук, нетбук және керек-жарақтары — тек 1 дана;
  • Зергерлік бұйымдар5 данаға дейін;
  • Велосипед1 дана;
  • Балалар арбасы1 дана.

Мамандардың айтуынша, бұл шара контрабандалық тасымалды азайту және көлеңкелі сауданың жолын кесу мақсатында қолға алынған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама