Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Қазақстанда мүгедектік белгілеу процесі жеңілдетілуде

2025 жылдың басынан бастап мүгедектік тобын анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманы (МӘС) сырттай жүргізу жобасы іске қосылды. Бұл пилоттық жоба аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде 24,5 мың өтінім қаралды. Қазіргі таңда сырттай куәландыру 30 түрлі ауру бойынша жүргізілуде.

2024 жылы 96,9 мың өтінім сырттай қаралып, бұл жалпы куәландырылған мүгедектігі бар азаматтардың 37,4%-ын құрады.

Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?

Мүгедектік тобын белгілеу үшін азамат тұрғылықты жеріндегі емханаға жүгініп, қажетті тексеруден өтеді. Қалған барлық процесс автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі, азаматтың жеке қатысуынсыз жүзеге асады.

Бұл жүйенің артықшылықтары:
Әкімшілік және бюрократиялық кедергілер жойылады
МӘС шешімдерінің ашықтығы қамтамасыз етіледі
Қызметтерді үйден шықпай-ақ алу мүмкіндігі
Қызмет алушы мен қызмет берушінің тікелей байланысын болдырмайды, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады

Бұл бастама Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес іске асырылуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, барлық 20 өңірде пилоттық режимде сырттай медициналық-әлеуметтік сараптаманы енгізді.

Жаңа жүйе мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғауға және олардың өмірін жеңілдетуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама