
- 31 шіл. 2025 19:04
- 41
Қазақстанда пәтер сату қиын әрі қымбат болады: жаңа ереже кімге әсер етеді?
Қазақстанда пәтер сату қиын әрі қымбат болады: жаңа ереже кімге әсер етеді?
Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату ережелері өзгереді. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістер баспананы сату процесін қиындатып қана қоймай, нарықтағы бағаларға да ықпал етуі мүмкін.
Негізгі екі өзгеріс:
🔹 Меншік мерзімі ұзарады. Қазір үйді, пәтерді немесе жер телімін 1 жылдан кейін сатқан жағдайда табыс салығы төленбейді. Алайда 2026 жылдан бастап бұл мерзім 2 жылға ұзарады. Яғни, мүлікті екі жылдан ерте сатқан адам табысының бір бөлігін салыққа беруге мәжбүр болады.
🔹 Салық мөлшерлемесі көтеріледі. Қазір жылжымайтын мүлікті 1 жылдан аз иеленген сатушылар 10% табыс салығын төлейді. Жаңа ереже бойынша, құны 8 500 АЕК-тен (бүгінгі бағамен шамамен 33 млн теңгеден астам) қымбат нысандар үшін бұл көрсеткіш 15%-ға дейін көтеріледі. Қалған жағдайларда бұрынғы 10% мөлшерлеме сақталады.
Сарапшылардың пікірінше, бұл талаптар инвестициялық мақсатта пәтер алып-сататын адамдардың белсенділігін төмендетеді. Сонымен қатар, сату-сатып алу нарығы баяулауы мүмкін.
Жаңа ережелер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, сондықтан жылжымайтын мүлік иелері алдын ала әрекет еткені жөн.