
- 22 шіл. 2025 11:52
- 29
Ресей Қазақстандағы этникалық орыстарды елге қайтарғысы келеді
Ресейде демографиялық құлдырау күшейіп отыр. Осыған байланысты Мәскеу ТМД елдерінде тұратын этникалық орыстарды елге көшіру бағдарламасын қайта жандандыруға мүдделі.
Сарапшылардың айтуынша, мигранттардың барлығы Ресейде бірдей қабылданбайды. Сондықтан Кремль 2006 жылдан бері «Отандастарды қоныс аударту» бағдарламасын қолданып келеді.
Алайда бұл бағдарламаға қызығушылық азайып барады. 2019 жылы Ресейге 108 мың адам қоныс аударса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 31,7 мың адамға дейін төмендеген.
Ресми деректер бойынша, Қазақстанда 3 млн-ға жуық этникалық орыс тұрады. Ресей билігі олардың бір бөлігін өз еліне тарту арқылы демографияны қалпына келтіруді көздейді.