
- 20 мам. 2025 23:39
- 149
Қазақстанда тіркелмеген смартфондарды тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстанда ресми тіркелмеген смартфондарды тіркеу мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, азаматтар өз құрылғыларын 25 маусымға дейін тегін тіркей алады. Бұл мүмкіндік жеке тұлғаларға екі құрылғыға дейін беріледі. Ал заңды тұлғалар үшін тіркеу мерзімі 25 мамырда аяқталады.
Аталған мерзімдерден кейін тіркелмеген немесе заңсыз әкелінген құрылғыларда байланыс қызметтері бұғатталады.
Құрылғының тіркелуін тексеру үшін азаматтар eGov Mobile қосымшасын, www.gov.kz порталы мен imei.rfs.gov.kz жүйесін пайдалана алады.