
- 28 мау. 2025 18:52
- 21
Қазақстандық 60 журналист Президенттің атынан пәтерге ие болды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай 60 қазақстандық журналист пен медиа саласының мамандары баспаналы болды. Пәтер кілттерін "Дара" президенттік бастамалар қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан табыстады.
Биылғы жылы пәтер тек журналистерге ғана емес, сондай-ақ режиссерлер, операторлар, корректорлар, дубляж редакторлары, дыбыс режиссерлері мен қоюшыларға және жалпы сапалы медиаконтент жасаумен айналысатын өзге де сала қызметкерлеріне берілді.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл игі шарада әлеуметтік осал топтарға айрықша назар аударылғанын атап өтті.
– Әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінді: баспана алушылардың қатарында көпбалалы отбасылар мен мүгедек баласы бар жанұялар бар. Әріптестерімнің бұл жетістігіне шын жүректен қуаныштымын. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын, – деді ол.
Бұл бастама медиа саласы қызметкерлерінің ел үшін сіңірген еңбегіне берілген лайықты бағасы ретінде қабылдануда.