Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Қазақстанда киік ату науқаны басталмақ – себеп не?

 

Ел аумағында киіктердің саны 3,9 миллион басқа жетіп, тарихи рекорд орнатты. Бұл – 1974 жылғы тіркелген ең жоғары көрсеткіштен үш есе артық. Құзырлы органдардың мәліметінше, популяцияның қарқынды өсуі ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал келтіріп отыр.

Аграршылардың айтуынша, киіктер егістік алқаптарын таптап, мал азығы мен дақылдарды жойып, жүздеген миллион теңгенің шығынын келтірген. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жағдайды реттеу үшін арнайы квота бойынша киік ату шарасын қолға алуды көздеп отыр.

Экологтар мен шаруалар арасында бұл мәселеге қатысты пікір екіге жарылған. Бірі – табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін реттеу қажет десе, екіншісі – киік атуға түбегейлі қарсы.

Киік – Қызыл кітаптан алынып тасталғанымен, әлі де ерекше қорғауды қажет ететін жануар. Сондықтан бұл мәселе қоғамның жіті назарында.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама