Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Qaznews24 сатиралық парағы қысымға байланысты жабылғанын мәлімдеді

94 мыңға жуық жазылушысы бар Qaznews24 сатиралық Instagram парағы қызметін тоқтатты. Редакция бұл шешімді қауіпсіздік жағдайының нашарлауымен байланыстырды.

Парақша әкімшілігі жариялаған мәлімдемеде күштік құрылымдардың редакция мүшелерінің туыстарына қысым көрсеткені және жаңа тергеу амалдары басталғаны айтылған. «Қазіргі жағдайда жұмысымызды жалғастыру мүмкін емес. Конституция кепілдік беретін сөз бостандығын да, өз құқығымызды да қорғай алмай отырмыз», – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, биыл сәуір айында парақша авторы Темірлан Еңсебекке Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық араздықты қоздыру») бойынша айып тағылып, сот оған бес жылға бас бостандығын шектеу жазасын кескен.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама