Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Қорғаныс ұлттық университетінен Назарбаевтың есімі алынып тасталмақ

 

Қазақстанда тағы бір жоғары оқу орнының атауынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі алынып тасталуы мүмкін. Бұл жолы сөз елордадағы Қорғаныс ұлттық университеті жайында болып отыр.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған үкімет қаулысы жобасына сәйкес, университеттің атауы "Қазақстан Республикасының Қорғаныс ұлттық университеті" деп өзгертілмек. Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Айта кетейік, аталған әскери оқу орны 2003 жылы құрылған, ал 2018 жылы Назарбаевтың аты берілген болатын. Бұған дейін де елдегі бірнеше білім және мәдениет мекемесінен тұңғыш президенттің есімі алынып тасталған еді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама