Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Ақтауда жол қозғалысын "реттеген" курьер 40 мың теңге айыппұл төледі

Ақтауда жол қозғалысын "реттеген" курьер 40 мың теңге айыппұл төледі,деп жазады Инфохаб тілшісі.

Ақтауда қала көшелерінің бірінде қолына сары шар ұстаған жігіт көліктерге бағыт беріп, жол қозғалысын өз бетінше реттемек болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода оның тамақ жеткізуге арналған сөмке асынғаны байқалады.

Аталған оқиға көпшіліктің қызығушылығын туғызып, қызу пікірталасқа себеп болды. Полиция бейнебақылау камералары арқылы ер адамның жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткенін анықтаған. Құзырлы органның хабарлауынша, бұл әрекетімен ол өз өміріне де, басқа жүргізушілерге де қауіп төндірген.

Нәтижесінде курьерге 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама