Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Қыркүйектен бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріле бастайды

 

2025 жылдың қыркүйегінен бастап мобильді аударымдар салық органдарының бақылауына ілігеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді.

«Заң қабылданды, енді ол 60 күн ішінде күшіне енеді. Соған сәйкес нормативтік құжаттарды бекітеміз де, жұмысқа кірісеміз», – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, салық қызметі тек нақты критерийлерге сәйкес келетін аударымдарды тексереді:

1. Бір адамға 100-ден астам түрлі тұлға ақша аударады;


2. Бұл аударымдар үш ай қатарынан жалғасады;


3. Жалпы сома 1 миллион теңгеден асады.

 

Біржанов атап өткендей, туыстар арасындағы аударымдарға – тіпті 1-2 миллион теңге болса да – салық тарапынан ешқандай сұрақ қойылмайды.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама