Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Қытайда жоғалған күйеуін іздеуге, әкімдіктен көмек сұраған әйелге айыппұл салынды

 

Қытайға кеткеннен кейін хабарсыз кеткен күйеуін іздеген Алматы тұрғыны Гүлдәрия Шерзатқа сот айыппұл салды. Бұл туралы Infohub.kz тілшісі хабарлады.

Гүлдәрия күйеуі Әлімнұр Тұрғанбайдың тағдырына алаңдап, бала-шағасымен бірге Алматы қаласы әкімдігінің алдына барып, әкімнің шығуын талап еткен. Ол шенеуніктерден жолдасын тауып беруге көмектесуді сұраған. Алайда әйелге «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» бабы бойынша айып тағылып, айыппұл салынған.

«Айыппұл төлейтіндей жағдайым жоқ. Жолдасымды іздеймін бе, әлде айыппұлға ақша іздеймін бе? ‘Онда қанша тәулік болса да, жатып өтеп кетейін’ десем, ‘кәмелет жасқа толмаған балаңыз бар’ деді», — деді Гүлдәрия Шерзат.

 

48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай 23 шілде күні жұмыс бабымен Қытайға кеткен. Содан бері байланысқа шықпаған. Жолдасы оны шекарада Қытай полициясы ұстаған болуы мүмкін деп санайды. Бірақ Қазақстан мен Қытайдың тиісті органдары нақты ақпарат бермей отыр.

Әлімнұр Тұрғанбай 2016 жылы отбасымен бірге Қытайдан көшіп келген. 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама