Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Қызылордада жөнделген көшеге қайта қаржы бөлінбек болған — прокуратура 2,8 млрд теңгенің заңбұзушылығын анықтады

Қызылордада жөнделген көшеге қайта қаржы бөлінбек болған — прокуратура 2,8 млрд теңгенің заңбұзушылығын анықтады

Қызылорда қаласында бюджет қаржысының жұмсалуына қатысты жүргізілген тексеріс барысында қомақты сомадағы заңсыз әрекеттер әшкереленді. Қадағалаушы органның мәліметінше, қала әкімдігі бұған дейін жөндеуден өткен көшені қайтадан жөндеу тізіміне енгізіп, 1,4 млрд теңгеге конкурс жариялаған.

Сондай-ақ, нақты орны мен көлемі көрсетілмеген жобалау-сметалық құжаттама негізінде 1,2 млрд теңгеге күрделі жөндеу жоспарланыпты. Бұған қоса, қала тазалығы жылдық келісімшарт аясында қамтамасыз етіліп жатқанына қарамастан, 223,2 млн теңгеге қосымша тазалық жұмыстары үшін сатып алу конкурсы өткізілген.

Прокуратураның араласуымен бұл үш мемлекеттік сатып алу конкурсы тоқтатылып, 2,8 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуының алдын алды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама