Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Санкт-Петербургте қазақстандық азамат теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікке ілінді

Санкт-Петербургте қазақстандық азамат теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікке ілінді

Ресейдің тергеу органдары 28 жастағы қазақстандық Артур Мартыновты теракт ұйымдастыруға оқталды деген күдікпен қамауға алды. Оған терроризмге жәрдемдесу, тыңшылық және диверсия баптары бойынша бірнеше ауыр айып тағылған. Бұл туралы ресейлік тергеу деректеріне сілтеме жасап Stankz News Telegram арнасы хабарлады.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Мартынов Украина арнайы қызметінің тапсырмасымен әрекет еткен және бұл үшін қаржылай сыйақы алуы мүмкін. Айыптауға сай, күдікті Санкт-Петербург пен Ленинград облысындағы байланыс және энергетикалық инфрақұрылым нысандарына диверсия ұйымдастыруды жоспарлаған. Ол арнайы дайындықтан өткен, өрт қою тәсілдері мен диверсия жүргізу әдістері жөнінде нұсқаулық алған.

2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында күдікті бірнеше рет ұялы байланыс желілеріне және электр тарату жабдықтарына қарсы қасақана өрт қойғаны анықталған. Мартынов бұл әрекеттерін мессенджерлер арқылы алған нұсқаулыққа сүйене отырып жүзеге асырған. Тергеу деректерінде ол нысандардың орналасуын алдын ала зерттеп, жоспарлағаны көрсетілген.

Қазір бұл іс 1-Батыс өңірлік әскери сотына жолданбақ. Айып дәлелденсе, Мартынов ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан тарапы бұл іске қатысты ресми пікір білдірмеген.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама