
- 24 мау. 2025 18:08
- 31
Сәтпаевта мәслихат депутаты 78,5 млн теңгеге сериал түсіріп жатыр — Антикор тексеру бастады
Сәтпаев қаласында "Не керек" атты 10 сериялы телехикая түсіріліп жатыр. Жоба құны — 78,5 млн теңге. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, сериалдың алғашқы үш бөлімі дайын, ал екеуі YouTube платформасында жарияланған. Қалған эпизодтары "Ulytau" және "Aqsham" телеарналарына ұсынылады.
Кинотуындының тапсырыс берушісі — облыстық мәслихаттың депутаты Еркебұлан Молдашев. Әкімдік шығындардың көп бөлігі кәсіби актерлердің еңбекақысы мен техника жалдауға жұмсалғанын мәлімдеді.
Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет (Антикор) бұл шығындардың заңдылығына қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Тексеру нәтижелері әзірге жарияланған жоқ.