Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Саранда дүкен сатушысын өлтірген қаскөйге үкім шықты

Қарағанды облысында адам өлтіріп, дүкен тонаған 51 жастағы ер адам 23 жылға сотталды

Қарағанды облысы, Саран қаласында дүкенге шабуыл жасап, 27 жастағы сатушы келіншекті айуандықпен өлтірген қылмыскерге қатысты үкім шықты. Сот шешімімен ол 23 жылға бас бостандығынан айырылды және жәбірленуші тарапқа 20 млн теңге өтемақы төлеуі тиіс. Сонымен қатар, сотталушы мәжбүрлі түрде есірткіге тәуелділіктен емделуге жіберілді.

Еске салсақ, қанды оқиға кезінде айыпталушы 30 мың теңге ұрлап кеткен. Қайтыс болған әйелдің артында екі кішкентай баласы қалды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама