
- 02 мам. 2025 19:39
- 235
Шымкент әкімінің орынбасарына оқ атқан күдіктіге 15 жылдан өмір бойына дейінгі жаза қарастырылған
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылға қатысты тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше ауыр бабы бойынша іс қозғалған. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Infohub.kz
Атап айтқанда, тергеу ҚК 24-бабының 3-бөлігі – қылмысқа оқталу, сондай-ақ ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 6-тармағы – басқа тұлғалардың өміріне қауіпті әдіспен кісі өлтіруге оқталу бойынша жүргізілуде.
Аталған баптар бойынша күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаға байланысты ресми мәліметтер мен сараптама қорытындылары кейінірек жарияланбақ.