Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 29 минут бұрын)
Шымкентте бір отбасының үш мүшесі пәтерде қайтыс болды

Шымкент қаласындағы «Восток» ықшам ауданындағы пәтерлердің бірінен бір отбасының үш мүшесінің мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұрғындар хабарласқан

Ведомство мәліметінше, құтқарушыларға марқұмдардың көршілері хабарласқан. Олар бірнеше күн бойы пәтер иелерімен байланыса алмаған.

«8 ақпан күні сағат 16:36-да 112 жедел қызметіне пәтер иелерінің ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай, есікті ашпай қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының бригадасы жіберілді. Есікті ашқаннан кейін құтқарушылар пәтер ішінен үш адамның мәйітін тапты», - деп хабарлады ТЖД.

Газбен улануы мүмкін

Қазіргі уақытта тиісті қызметтер жұмылдырылып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала ақпарат бойынша, бұл қайғылы жағдай табиғи газбен улану салдарынан болуы мүмкін. Мәйіттерде зорлықпен өлтіру белгілері табылмаған.

Бұған дейін Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Сол кезде де өлімнің себебі табиғи газбен улануы мүмкін деген болжам айтылған еді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама қорытындылары бойынша түпкілікті шешім қабылданады.

Жаңалықтар

Жарнама