Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Шымкентте “жұмаққа” билет сатылған іс-шара қоғамда қызу талқыға түсті

 

Шымкентте өткен діни сипаттағы шара барысында әзілкеш Ғалымжан Құрманбектің "жәннатқа талон" саудалағаны жайлы видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамда түрлі пікір туғызды. Видео кадрларында Құрманбек қолына талон ұстап, «Жәннатқа асығайық! Жәннатқа таласыңдар!» деп, құны 1 миллионнан 50 миллион теңгеге дейінгі аралықтағы қағаздарды көпшілікке ұсынып жатқаны бейнеленген.

Шарада жиналғандардың бірі 1 миллион теңгені қолма-қол шығарып, “жәннат талондарын” сатып алған сәті де видеоға түсіп қалған. Бұл жағдайға қатысты әзілкештің өзі де таңданысын жасыра алмай, «Жігіттердің қалтасында әшейін 1 млн теңге жүр ме? Базар жоқ. 10 млндық талоннан екеу кетті», – деп айтып, ел арасында пікір туғызды.

Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары мұндай әрекетті діни сеніммен ойынға айналдыру деп бағалап, теріс қабылдауда. Қазір бұл іс-шара мен оның мазмұнына қатысты жауапты органдардың түсініктемесі күтілуде.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама