Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта айыпталушылардың туыстары дау шығарды

Талдықорған қаласы. Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан кезекті сот отырысы жанжалмен басталды. Оған әлеуметтік желіде тараған бейнежазба себеп болды. Видеода айыпталушылар сот залында күліп отырғаны байқалған. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Сот отырысында айыпталушы Нұрқияс Илиясовтың ата-анасы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеевке наразы болып, видеоны түсіріп, таратуға қатысы бар деп айыптады. Алайда адвокат бұл бейнежазбаның түсірілуі мен таралуына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Осыған байланысты сот төрағасы жағдайға құқықтық баға беру үшін тексеру жүргізіп, бейнематериалдың авторын анықтауды тапсырды.

Жанжалдың негізгі себебі ретінде айыпталушылардың бейнежазбада күліп отыруы емес, олардың жүздерінің анық көрініп қалуы екені байқалды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама