Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Шымкентте журналист Мөлдір Нұрман билік қысымына ұшырағанын мәлімдеді

 

Шымкентте тәуелсіз журналист Мөлдір Нұрман 40 млрд теңгенің жұмсалуына қатысты зерттеуінен кейін қудалауға ұшырағанын айтты. Бұл туралы Infohub.kz сайты жазды.

Журналист қаладағы ауыз су жүйесін коммуналдық меншікке қайтару барысын зерттеп, бұл үдерістегі ашықтыққа күмән келтірген. Оның сөзінше, осыған байланысты бұрын қозғалған қылмыстық іс жабылғанымен, құқық қорғау органдары істі қайта қозғап, "филологиялық сараптама қорытындысына" сүйене отырып кешірім сұрауды талап еткен.

— Мен бюджет қаржысын тиімді пайдалануды талап еткені үшін қысымға тап болдым. Қалада балалар өліміне себеп болған жол апаттары бар, бірақ әкімдік үнсіз. Менің жазбаларымнан кейін TikTok-та да "тыныш жүр" деген ескертулер аламын, — дейді Мөлдір Нұрман.

Журналист билік өкілдері тарапынан әлеуметтік желідегі белсенділігі үшін ескерту алғанын алға тартады.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама