
- 07 там. 2025 09:30
- 23
Ганада тікұшақ апатынан екі министр қаза тапты
6 тамыз күні Ганада аса ауыр тікұшақ апаты орын алып, салдарынан елдің екі бірдей жоғары лауазымды тұлғасы – қорғаныс министрі Эдвард Омане Боама мен қоршаған орта, ғылым және технология министрі Ибрагим Муртала Мұхаммед көз жұмды. Бұл туралы елдің қарулы күштері бас штабының басшысы Джулиус Дебрах ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Инфохаб.кз.
Қайғылы оқиға Гананың оңтүстігінде, Акрофуон қаласының маңында болған. Тікұшақ жерге құлағаннан кейін отқа оранып, төрт адамның өмірін жалмады. Қаза тапқандардың қатарында екі министр де бар.
Алдын ала мәліметтер бойынша, мемлекеттік делегация табиғи ресурстардың заңсыз өндірісі жүріп жатқан аймаққа бара жатқан. Қазіргі уақытта апатқа қатысты тергеу амалдары басталып кеткен.
Гана қоғамы бұл оқиғаға байланысты терең күйзеліске түсіп, қайтыс болғандардың отбасылары мен үкіметке көңіл айту хаттары толассыз түсіп жатыр.