
- 28 шіл. 2025 17:14
- 24
Таиланд пен Камбоджа атысты тоқтатуға келісті
Таиланд пен Камбоджа атысты тоқтатуға келісті
Таиланд пен Камбоджа арасында туындаған шекаралық қақтығыс уақытша тоқтатылатын болды. Қос тарап келесі 24 сағат ішінде атысты доғару туралы келісімге келді. Бұл туралы Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим мәлімдеді.
Қарулы шиеленіс 24 шілде күні екі елдің шекарасында ушығып, Камбоджа Таиланд аумағындағы азаматтық инфрақұрылымға соққы берді. Өз кезегінде Таиланд камбоджалық әскери нысандарға әуе шабуылын ұйымдастырған. Қақтығыс салдарынан екі тараптан да қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Мыңдаған бейбіт тұрғын қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды.
Жанжалға қатысты тараптар бір-бірін кінәлап отыр. Камбоджаның қорғаныс министрлігі қақтығысты алғаш болып Таиланд бастады десе, Бангкок жауапкершілік Пномпеньге жүктелуі тиіс деген ұстанымда.
Қазіргі таңда атысты тоқтату туралы уағдаластық іске асуы үшін тараптар арасында дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер жалғасып жатыр.