
Х әлеуметтік желісінен
- 08 сәу. 2025 19:37
- 92
АҚШ-тағы жаппай наразылық: президент Трамп пен Маскке халық қарсы шықты
АҚШ-тың саяси сахнасында бұрын-соңды болмағандай қарсылық толқыны өршіп тұр. Елдің түкпір-түкпірінде жүздеген мың адам көшеге шығып, Дональд Трамп пен Илон Маскке қарсы өз наразылықтарын білдірді. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бір мезетте 50 штаттың барлығында өткен бұл митингтерге 600 мыңнан астам адам қатысқан.
Наразылық шеруі әсіресе Бостон, Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және ел астанасы Вашингтонда ерекше ауқыммен өтті. Қоғам белсенділері мен қарапайым азаматтар Трамптың жүргізіп отырған саяси-экономикалық бағыттарын қатаң сынға алды. Сонымен қатар, Илон Маскке де қоғамдық саладағы ықпалы мен мәлімдемелері үшін қарсылық білдірілді.
Бір мезгілде ел бойынша 1400-ге жуық наразылық шарасы ұйымдастырылып, бұл оқиға АҚШ тарихындағы ең ірі қоғамдық қарсылықтардың біріне айналды.