
Фото: Ақорда
- 23 там. 2025 18:27
- 111
Тоқаев Бішкектегі әкесінің есімімен аталатын мектепке барды
Тоқаев Бішкектегі әкесінің есімімен аталатын мектепке барды
Мемлекет басшысы Қырғызстан астанасындағы көрнекті орындарға баруын бүгін де жалғастырды. Ол жазушы, соғыс ардагері, әкесі Кемел Тоқаевтың есімімен аталатын № 33 мектеп-гимназияға да табан тіреді, деп хабарлайды Infohub.kz.
Биыл 13 мамырда Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназиясына қазақ жазушысы және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың есімі берілді. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов айтты. Оның айтуынша, бұл бастаманы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көтерген. Жапаров бұл шешімі туралы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ресейде кездескен кезінде айтқан.
«Ұлы Отан соғысы жылдарында Кемел Тоқаев Фрунзе жаяу әскер училищесінде оқыған. Ал ол оқу орны сол жылдары қазіргі №33 мектептің ғимаратында орналасқан. Дәл осы жерден ол майданға шақырылған», деп хабарлаған қырғыз билігі.