
- 30 нау. 2025 22:07
- 43
Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан мен Түркия президенттері бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке тіледі.
Келіссөздің негізгі тақырыптары:
- Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін жоғары деңгейдегі саяси диалогты қолдау мәселесі қозғалды.
- Көпжақты форматтағы тығыз ықпалдастықты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
- Президенттер халықаралық ұйымдар аясындағы алдағы кездесулердің күн тәртібін талқылады.