
- 30 нау. 2025 22:09
- 42
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Алматыда бейресми кездесу өткізді
Infohub.kz: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевті Алматыға сапармен келгені үшін жылы қарсы алды. Ол осындай бейресми кездесулер екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.
Мемлекет басшылары саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, энергетикалық және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жайын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, өнеркәсіптік кооперация мен туризмді өркендету мәселелері қаралды.
Өзбекстан Президенті Қазақстанға келгеніне ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілгенін айтты. Оның пікірінше, өзара сенім мен сыйластықтың арқасында бірлескен жобалар мен келісімдер сәтті жүзеге асырылып жатыр.
Тараптар қазақ-өзбек стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға дайын екенін тағы да растады. Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді.