
- 24 мау. 2025 16:40
- 33
Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Бұл қадам елдегі қылмыстық-атқару жүйесіне түбегейлі реформа жүргізу бастамасымен қатар аталып отыр.
15 мыңнан астам сотталған азамат рақымшылыққа ілігеді, олардың шамамен 2 мыңы босатылады, ал қалғандарының жазасы қысқартылады. Басымдық балалы әйелдерге, қарт адамдарға, кәмелетке толмағандарға және әлеуметтік осал топ өкілдеріне беріледі.
Президент бұл рақымшылықты жүйелі шешім емес, бір реттік шара деп атап, қылмыстық-атқару жүйесін қайта қарау қажеттігін қадап айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Конституцияның 30 жылдығына орай 15 мың адамға рақымшылық жасалатыны жарияланған болатын.