Photo: Zülfü Demir📸 (https://www.pexels.com/@zlfdmr23) / Pexels
- 01 сәу. 2026 03:30
- 25
Төреғали Төреәлінің күйеу баласы Дархан Нортаевтың ұлты туралы пікірталас
Әнші Төреғали Төреәлінің күйеу баласы Дархан Нортаевтың жақындарымен ата-бабасының туған жеріне барып, елмен қауышқаны туралы жазбасы желіде қызу пікірталас тудырды. Оның жазбасындағы «Ауылдың жартысы сенің фамилияңмен болғанда...» деген сөздерінен кейін, желі қолданушылары Дарханның ұлтына қатысты сұрақтар қоя бастады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі пікірталас
Кейбір оқырмандар Дархан Нортаевтың өзбек ұлтынан екенін айтып, бұл жайтты неге бұрын айтпағанын сұрады. «Қыздары Дара да өзбек қыз болып тұр ғой. Неге осы уақытқа дейін айтпаған? Фариза өзбек ұлтына шыққанын біле ме екен?», «Дархан сонда ұлтын жасырған ба?» деген сияқты пікірлер жазылды.
Дариға Нортаеваның жауабы
Желідегі пікірталастан кейін Дархан Нортаевтың анасы Дариға Нортаева барлық сұраққа жауап берді. Ол өз сөзінде: «Балаларымның әкесі өзбек, анасы қазақпын, мұсылманбыз. СССР-дың кезінде шаңырақ көтеріп, адал еңбек етіп, екі ұлымызды кішкентайынан еңбекке баулып, адамдармен араласуды үйреттік. Бахмал шахарында бір ауыл Нортаевтар әулеті тұрады, ел құрметтеген жандар. Жылда сый-құрметімізбен барып тұрамыз, аруақтарға тағзым етіп, өсем-өнем деген адам шыққан жерін ұмытпау керек!» деп мәлімдеді.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі спортшы Дархан Нортаевпен шаңырақ құрған. Екеуінің Дара есімді бір қызы бар.