Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тұлғаның адамгершілік қасиеті
Баяндама
Тұлғаның адамгершілік қасиеті
Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, жетіледі. Сондықтан да адамгершіліктің мәнін абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды.

Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категориялар: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Бұлар сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Сондай - ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары - үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде болды.

Әрбір қоғам өзінің даму процесінде адамгершілік категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерістер енгізіп отырды. Мысалы, көне грек дәуіріндегі адамгершілік категориялары сол қоғамдағы тарихи, әлеуметтік, экономикалық процеске тығыз байланысты болып, сол заманның негізгі қозғаушы күші болды.

Мораль және адамгершілік өзара тікелей байланысты. Мораль - жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын, басқалармен үйлесімді қарым - қатынаста бола алатын қабілеті. Мораль - адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі, олардың практикалық өмірдегі бейнесін жасайтын іс - әрекеті. Сонымен қатар өзінің мәні жағынан жеке - даралықпен рулық тектің, адам мен адамзаттың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы. Осы жиынтық (мораль) арқылы әр адам өзінің адамдық қасиеттерін қалыптастырып, дамыта алады.

Адамгершілік адамдардың практикалық өмірінен келіп шыққан әдеп - ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес келеді. Ал мораль болса, шындыққа қарама - қарсы, теріс қарым - қатынаста пайда болады және субъективті түрдегі міндеттенушіліктен туындайды. Сондықтан да адамгершілікті қоғамдық мораль деп қарауға да болады. Өйткені ол қоғамдық ортаның(отбасы, мемлекет) негізінде туындайды. Мораль керісінше адамгершіліктің жекелей көрінісі сияқты. Ол жеке адамның өзіндік бағасынан, идеясынан келіп шығады.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама