Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бастауыш сынып сабақ жоспары
Тақырыптар:
1. Жапырақ (дүниетану)
2. Қазақстан (Әдебиеттік оқу)
Тақырыбы: Жапырақ
Сілтеме: Дүниетану 2 - сынып, Атамұра баспасы 2013 К. Жүнісқызы. Н. Жапанбаева
Жалпы мақсаттар: Жапырақтың өсімдік пен адам өміріндегі рөлі туралы білімдерін кеңейту.
Оқыту нәтижесі:
• Оқушыларға өсімдіктердің топтарымен, түрлерімен, мүшелерімен және оның ерекшеліктерімен танысып, білімдерін кеңейтуге қолайлы орта туғызу.
Негізгі идеялар:
• Оқушыларға мәтінмен таныса отырып, саралау, сипаттау, зерттеу, салыстыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу.
Тапсырмалар
• «Топтастыру» әдісі
• Сұрақтар шеңбері
• Постер қорғау
• «Шығармашылық жұмыс»
• «Қара - жап - айт - жаз - тексер» стратегиясы
• Тест сұрақтары
Бағалау критерийі
«5» баға – қатесі жоқ жұмыс үшін;
«4» - 1, 2 қате жіберген жұмыс үшін;
«3» - 3, 5 қате жіберген жұмыс үшін;

Мұғалімнің іс - әрекеті
І. Психологиялық дайындық
- «Күн шуағы» - тренинг
- Оқушыларды топқа бөлу
- Топ ережесін еске түсіру

ІІ. Үй тапсырмасы
Сұрақтар шеңбері
«Сабақ» тақырыбы бойынша сабақ тобына сұрақтар қою.
1 - топ: «Тамыр»
2 - топ: «Сабақ»
3 - топ: «Жапырақ»

ІІІ. Мағынаны тану
Ой қозғау орталығы.
Жайқалтса жасыл желек жапырағын,
Ажарланып кетеді - ау атырабым
Табиғаттың осындай сұлулығын,
Сақтауға барша жанды шақырамын.
Жапырақ қоймасы ғой таза ауаның
Таза ауа қазынасы жан дауаның
Ағаш егіп, ұрпаққа мирас етсек,
Алармыз бір Алланың мың сауабын!
Жапыраққа зор мән беріп, қаралық,
Жапырақ тұр Күн нұрымен нәр алып,
Жапырақтан бөлінетін оттегі,
Тазартады ауамызға таралып.
- Мына өлеңде не туралы айтылған?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама