Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Туризм және Спорт министрлігі 28 сәуір - 4 мамыр аралығында өтетін жарыстар кестесін жариялады

Туризм және Спорт министрлігі 28 сәуір - 4 мамыр аралығында өтетін жарыстар кестесін жариялады,деп хабарлайды Infohub.kz .

🔹 28-30 сәуір: Велоспорттан Tour of Bostonlig Ladies халықаралық жарысы
Қазақстан намысын 5 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Газалкент қаласы, Өзбекстан.

🔹 29 сәуір – 1 мамыр: Ересектер арасындағы қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі
Жарысқа еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы.

🔹 29 сәуір – 6 мамыр: Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты
Қазақстан құрамасы сапынан 5 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.

🔹 30 сәуір – 6 мамыр: Мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир
Бәсекеге отандық 3 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Бангкок қаласы, Таиланд.

🔹 30 сәуір – 6 мамыр: Жүзуден Acropolis Swim Open халықаралық турнирі
Жарысқа ел құрамасынан 6 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Афина қаласы, Греция.

🔹 3-12 мамыр: Стенд атудан Әлем кубогі
Турнирде 6 спортшымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Никосия қаласы, Кипр.

🔹 4-9 мамыр: Күрес түрлеріне жастар арасындағы халықаралық турнир
Турнирге Қазақстан құрамасының палуандары да қатысады.
Өтетін орны: Анталия қаласы, Түркия.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама