
- 28 сәу. 2025 08:47
- 36
Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты
Қазақстанның экологиялық тазалығын сақтау және қоғамды біріктіру мақсатында өткен жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Туризм және спорт министрлігінің қызметкерлері сенбілікке қатысып, өз үлестерін қосты. Олар белгіленген аумақты арамшөптерден тазартты, сондай-ақ пластик және тұрмыстық қалдықтарды жинады.
Министрлік қызметкерлері сенбілік барысында бірлесіп жұмыс істеп, қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатқа қамқорлық көрсету сияқты маңызды міндеттерді атқарды. «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты — тек табиғатты қоқыстан тазарту ғана емес, сондай-ақ қоғамды біртұтас етіп, азаматтық жауапкершілікті арттыру екендігі атап өтілді.