Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 56 минут бұрын)
Тұрсынғали Алагөзов бір жылда қанша доллар тапты? Қызметкерлеріне пәтер сыйлаған кәсіпкердің байлығы өсті

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Forbes журналының 2026 жылғы ең бай қазақстандықтар тізімінде 58-орынға ие болды. Оның байлығы 160 миллион долларға жеткені бағаланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 миллион долларға артық. Бұған дейін, 2025 жылы кәсіпкер 130 миллион доллар капиталымен 61-орында тұрған еді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Forbes басылымы кәсіпкер байлығының мұндай қарқынды өсуінің себептерін нақтыламады. Алайда, Тұрсынғали Алагөзов – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі алкогольсіз сусын өндіруші GALANZ Bottlers компаниясының иесі және директорлар кеңесінің төрағасы.

Шымкент сыра зауытын сатып алды

2024 жылы Алагөзов Шымкенттегі сыра зауытын сатып алды. Жаңа өндіріс орнына 40 миллион доллар инвестиция құйылғаны айтылады. Кәсіпкер 2026 жылға қарай зауыттың өндіріс көлемін айына 10 мың тонна сыраға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар

Жарнама