Түйінді идеяларды білуі және түсінуі. Өзінің оқыту және оқу тәжірбиесіне не үшін өзгерту енгізу керек?
Қарағанды қаласы, №3 гимназияның
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Көпеева Думан Амандыққызы
Қазір біз жаһандану әлемінде өмір сүріп жатқандықтан, әрбір мұғалім өзінің оқыту және оқу тәжірбиесіне үлкен өзгертулер енгізу керек. Қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсыновтың айтқанындай - «Мұғалім қандай білімді болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығады». Ендеше қай уақытта да мұғалім заман ағымына қарай білімін жандандырып отыру керек. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде, заманауи тәсілдерді, технологияларды меңгеріп қана қоймай, оны оқушылармен жұмыс істеу тәжірбиесінде бастысы нәтижеге қол жеткізу. Ал нәтиже дегеніміз – оқушылардың алған білімдерін жәй ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару. Сол себепті Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген бағдарламалар нақты және күрделі жағдайларды қалай талдау қажеттігін, оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүргуге дайындау үшін мектеп тәжірбиесіне қалай өзгеріс енгізіп, осы шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағамдау қажеттігін терең түсінуді көздейді. Бағдарламаны игерген мұғалімдердің негізгі функциясы біріншіден, қуатты педагогикалық құралдарды өз тәжірбиесіне ықпалдастыру арқылы өзінің оқыту мен оқу тәжірбиесіне жаңа тәсілдерді енгізу болып табылады. [1]
Осы бағдарлама бойынша Қарағанды қаласында Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттырудың «Бетпе-бет» оқыту 1-кезеңінде алған теориямды, мектептегі өтетін тәжірбие кезеңіне өзгеріс енгізуімді жоспарлап отырмын. Соған байланысты қазақ тілінен 4 «А» сыныбының ұзақ мерзімді жоспарындағы Жеміс-жидектер мен көкөністер модуліне орта мерзімді жоспар құрдым. Орта мерзімді жоспар құрғанда бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасына енгізуді негіздедім. Барған күннен бастап оқушыларды қызықтырып, оқу үдерісінде барлығы бірдей қатысатындай тиімді стратегиларды пайдалануды көздеп отырмын. Сабақ қызықты өту үшін тиімді тәсілдерді бір кезеңнен келесі кезеңдеріне өтуді көпіршелер арқылы байланыстырамын. Негізінде, сындарлылық: «Адамдар әлем туралы түсініктерін және білімдерін тәжірбие жасай отырып және сол тәжірбиелерге рефлексия жасай отырып тұрғызады», - дейді. Сындарлы оқыту теориясының қағидаларына сәйкес білім алушылардың бұрынғы білімдерін, идеяларын және тәжірбиелерін қайта жаңғыртып, оларды жаңа біліммен, идеямен және тәжірбиемен ұштастырса, білім алушылар алған білімдерін сыныптан тыс кез-келген жерде пайдалана алатын болады.[2]
Осы айтылғанды басшылыққа ала отырып, өзімнің сабақ жоспарымды құруда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ барысында өткізетін әдіс-тәсілдерді жоспарлап алдым. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау мақсатында, сыныпта сындарлы әңгімені ынталандыратын әдістерді қолдануды жоспарлап отырмын. Заман талабына сай сындарлы оқыту тәсілін оқу үдерісіндегі қажеттілік деп қабылдап, бүгінгі білім беру саласына енуіне ықпал ету. Заманға сай бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруды мақсат еткен әрбір ұстаз сындарлы оқыту теориясы аясында қарастырылатын әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жетістікке жетіп қана қоймай, осы әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасуына өз үлесін қосуы қажет деп білемін. Сабағымды қызықты өткізуге тырысамын. Өйткені қызықты өткізілген жұмыс тиімділігін арттырады және де оқушыларда келесі сабақта қандай қызықты әдіс болады екен деп қызығушылары оянады. Жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдер бойынша құрылған қысқа мерзімді жоспарымнан мәлімет берейін. Сабағымды өткізерде барлығы үшін бейне көріністі көрсету арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра отырып, сабақтың тақырыбын өздеріне ашқызту. Жеті модульдің бірі оқыту мен оқудағы жаңа технологиялары бойынша «Тиімді сұрақтар» әдісін қолдана отырып, осы күнге дейін білетіндерін тақырыпқа байланысты сөздерерін, білетіндерін еске түсіру. Сабақтың тақырыбын тапқан соң, оқушылардың өздеріне бүгінгі сабақта не үйренгісі келетіндерін стикерге жазу арқылы сабақтың мақсатын анықтатқызуды жоспарлаймын. Келесі қадамда оқушыларды жеміс-жидек пен көкөніс суреттері бойынша үш топқа бөлемін. Топта жұмыс істеуде балалар бір-бірін тыңдауға, өз ойын ашық айтуға, белсенді болуға, сын көзбен қарай білуге, сенімділікке, бәсекеге қабілетті болуға, бірлесіп жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа, көшбасшылыққа беймделеді. Оқушылар топқа бөлінген соң, жеміс-жидектер туралы аудио жазба тыңдатамын. содан кейін естігенін кім есте сақтағанын тексеру мақсатында оқушылардан сұрап шығамын. Бұл кезеңде дарынды және талантты балаларды оқыту, көшпенділік модульдарын пайдалануды жоспарлаймын. Егерде сабағым жоспарлағандай болса, сабақтың келесі кезеңінде жеті модульдің келесі бір түрі оқытуда ақпараттық техниканы пайдалану бойынша презентацияны пайдаланамын, мәтінді оқиды. Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар модулінің «Прожектор» әдісі бойынша, мәтіндегі жаңа сөздерді меңгертемін. «Прожектор» әдісі мен оқытуда ақпаратты техниканы пайдалану оқушылардың көзбен көргендерін есте сақтау қабілеттеріне тиімді. Жаңа сөздерге әр топ екі сұрақтан құрастырады. Келесі кезеңде оқушыларды сергіту мақсатында «Себетті толтыр» ойыны ойналады. Бұл ойында оқушылар жасырын тұрған суретті алып, жеміс не көкөністің қазақша қалай аталатынын тауып себеттерін толтырады. Бұл ойын модульдің жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуына келеді. Өйткені бұл бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, сергіту кезеңінде олар орындарынан тұрып тақтадағы сөздердің қазақшасын тауып қана қоймай, қолындағы қағазын еңкейіп себетке салу керек. Келесі кезеңде оқушыларға маркер, А3 қағазы беріледі де олар топ болып, постер жасайды. Бірінші топ не сұрағына, екінші топ қандай сұрағына, үшінші топ не істейміз сұрағына алты сөз жазады. Постермен тапсырма орындауда оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар және көшбасшылық модульдері негізге алынып отыр. Көпшілігі үшін оқулықтан «Жоғалған әріптер мен сөздер» ойыны арқылы 4-тапсырма беріледі. Ал кейбіреуі үшін жіктік жалғауының жекеше, көпше түрінде үш жағын пайдалана отырып сөйлем құрастыру керек.
Оқыту мақсатындағы бағаны ескере келе,бағалаудың мына түрлерін жүргізуді жоспарлаймын.
1- «Смайликтер», «Бағдаршам»,«Инсерт» Бас бармақпен бағалау.
2- Оқыту үшін бағалау: Өзін – өзі және жұпта өзара бағалау.
3- Өзара топтар бірін бірі пішіндермен бағалау.
Қосымша әдебиеттер:
1- (МАН 2015ж 4-бет)
2- (Сыныпта сындарлы әңгімені ынталандыатын стратегиялар. 2015ж)