Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үбі батыр туралы

Руы — масқар Халба дейтін адам алдымен Исатай, Махамбет көтерілісшілері жағында болады. Соңынан ханға сатылып, Махамбетті өлтірушілердің бірі болыпты.

Исатай Махамбеттің жан серігі беріш руынан. Үбі батыр, қасында ысық руынан Оразымбет дейтін жолдасы бар, Жайық өзенінің сол жағында жайлауда отырған тана руынан Шымыр деген ишанның үйіне түсіп отырады. Шай ішіліп, қой сойылып жатады. Сол кезде ишанның қойшы баласы жылап келеді:

— Жаңа бір қойымды екі атты кісі итаршып алып кетті, — дейді. Сонда ишан:

— Аһ! Кеше осы маңда Халба жүр деп еді, сол болмағай, — депті.

Сол-ақ екен, үбі асын қайырып:

— Бұйырса қайтып келіп жерміз, асты пісіре беріңдер! — деп тұра атқа қоныпты. Оразымбет бірге кетіпті.

Қойдың етін пісіріп отырған Халба жақындағанда, Үбіні танып қалып қаша жөнелген. Астында тоқпақ жалды торы аты бар Үбі де іле қуады. Көп ұзамай-ақ құтыла алмайтынын білген Халба бір ауылға қашыпты. Ауылға келіп аттан түсе қалғанда, Үбі де аттан түсіп, найзалап өлтіріпті.

Соңынан Оразымбет айтыпты:

«Халбаны шалқасынан түсіріп, нақ жүректің тұсынан шаншыпты. Жүректен атып шыққан қаннан қос алақанын толтырып алып екі-үш рет ұрттап жұтып жібереді. Оны көріп тұрған мен құсып жібере жаздап қалдым. Қайта келіп Шымыр ишанның үйінен тоя ет жейді. Менің жүрегім әлі айнып, еттен шақ ауыз тидім», — депті.

Бұл Исатай, Махамбет көтерілісінен кейін Халба халықтан қашып, Үбі хан, губернатордан қашып жүрген кезі екен.

Оқуға кеңес береміз:

Жалбыр батыр (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама